Қазір әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы «Агро-Инвест-2015» ЖШС құс фабрикасының жабылуы туралы бейнеролик таратылып жатыр. Бұл бейнеролик алғаш рет 2021 жылдың 2 қыркүйегінде желіде жарияланғанын және бүгінгі күні елдегі азық-түлікке қатысты жағдайға еш қатысы жоғын хабарлаймыз.
Азық-түлік корпорациясы астықты ішкі нарыққа, оның ішінде құс өсіру кәсіпорындарына жыл сайын өткізіп келеді.
2022 жылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астық жіберуді ақпан айынан бастап келіп түскен сұраныстар негізінде жүзеге асырады.
Биыл 22 сәуірде астық нарығындағы баға жағдайына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азық-түлік корпорациясы, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗТБ және «Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы» одақ нысанындағы ЗТБ арасында құс шаруашылықтарына 2022 жылдың тамыз айының соңына дейін шамамен 150 000 тонна астық өткізу туралы Меморандумға қол қойылды.
Құс шаруашылығы кәсіпорындарына қажетті көлемдерді бөлуді «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗТБ және «Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы» одақ нысанындағы ЗТБ қатаң түрде фабрикаларжағы құс басының санына байланысты жүзеге асырады.
«Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы» одақ нысанындағы ЗТБ ақпараты бойынша «Агро-Инвест – 2015» ЖШС құс фабрикасы мал басы саны бойынша статистикалық деректерді ұсынған жоқ. Осыған байланысты, құс фабрикасы ауыл шаруашылығы өнімдерін тарату тізіміне енгізілмеген. Қолда бар ақпарат бойынша бұл кәсіпорын қазіргі уақытта жұмыс істемейді.
Бүгінгі таңда «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗТБ және «Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы» одақ нысанындағы ЗТБ бөлу бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері келіп түскен өтінімдерге сәйкес 62 құс шаруашылығына сатылады. Құс шаруашылықтарының астыққа сату бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, тоннасына 117 мың теңгені құрайды. Бұл ретте астықтың нарықтық бағасы тоннасына 165-170 мың теңге.
Биыл 25 мамырдағы жағдай бойынша Азық-түлік корпорациясы құс шаруашылығы кәсіпорындарына шамамен 49,5 мың тонна астық жөнелтті.