Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде қолма-қол немесе электрондық мекенжайға келесі құжаттарды жолдайды:
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- осы үлгілі ережедегі 1 қосымшаға сәйкес кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші;
- Кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
- кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:
- осы үлгілі ережедегі 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылаушы ретінде қатысу үшін өтініш.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 31 мамырдан 4 маусымға дейін.
Конкурстарға қатысуға ниет білдірген кандидатуралардың құжаттары a.zhashibay@fcc.kz email арқылы қабылданады. Хат тақырыбында «Қоғамдық кеңесті қалыптасыру үшін жұмыс тобының мүшесі» немесе «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсына байқаушы» деп көрсетуді сұраймыз.
Пошталық мекен-жайы: Астана қаласы, Мәскеу к-сі 29/3
Байланыс телефоны: 59-13-23 (2323)