Қарызды өтеу мерзімін кейінге шегеру ережелеріне сәйкес «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындау қажеттігін естеріңізге саламыз:
- Қарызды қайтару келісімшартта көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.
- Міндеттемелерді уақтылы орындамау айыппұлдың салынуына әкеледі және сіздің несие тарихыңызға теріс әсер етуі мүмкін, бұл болашақта қаржыландыруды қиындатады.
Біз Корпорация мен фермер арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және қарызды уақытында қайтару екі жақ үшін де тиімді екенін түсінеміз. Келісімшарт талаптарын уақытында орындау екіарадағы сенімге және оның дамуына әкеледі, сондай-ақ сіздің кәсібилігіңіз бен жауапкершілігіңіздің көрінісі.
Сізден, Корпорация алдындағы міндеттемені орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауыңызды және есепті уақтылы ұсынуыңызды сұраймыз.
Құрметпен, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ