400-ден астам фермер Азық-түлік корпорациясына бидай сатуға өтініш берді

Қазақстандық фермерлерді қолдау шеңберінде Азық-түлік корпорациясы 350 мың тонна көлемінде сапасы төмен бидайды сатып алуға өтініш қабылдап жатыр. Бүгінгі таңда 420 шағын және орта шаруашылық субъектілері 22 млрд теңге сомасына өтінім берді

Қытайдың ірі компаниялары Қазақстан фермерлерін қаржыландыруға мүдделі

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қытайдың Yihai Kerry (Shanghai) International Trading Co., LTD, CITIC Construction Co., LTD және Xiamen C & D Corporation LTD компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жемшөп мақсаттары үшін жемдік бидай мен арпаның сатылатыны жөнінде хабарлайды

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мал және құс шаруашылықтарына қолдау көрсету аясында жемшөп мақсаттары үшін жемдік бидай мен арпаның сатылатыны жөнінде хабарлайды.

А/ш өнімі жиналған жыл: 2019-2023 ж.ж.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басқарма төрағасы халықаралық конференцияда баяндама жасады

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басқарма төрағасы Асылхан Джувашев ағымдағы жылдың қорытындысы талқыға түскен “Asia Grains&Oils Conference: Results of 2023” халықаралық конференциясына спикер ретінде қатысты.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тауар биржасында ауыл шаруашылығы өнімінің сатылымы басталғаны туралы хабарлайды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қосарланған қарсы аукцион режимінде «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында 1-сұрыпты ұнды өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының төрағасы мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырысына қатысты

Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ қызметі» мәселесіне қатысты тақырыптық отырысы өтті. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев бүгінде қорда 1 млн тоннаға жуық астық бар деді. Оның 500 мың тоннасы резервтік қор, 200 мың тоннасы мал жемі.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясының төрағасы Wanlin Group компаниясының басшысымен кездесті

“Азық-түлік келісім шарт корпорациясы “ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Qingdao Wanlin Group компаниясының Басқарма Төрағасы және негізін қалаушы Ли Янтао мырзамен кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өнімді қайта өңдеу тұрғысында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.