2025 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы экспорттаушылар мен астық өндірушілерге 267,9 мың тонна бидай жеткізгені үшін 6 млрд теңге төледі. Тасымалдау шығындарын өтеу үшін барлығы 356 өтінім түсті. Экспорттық жеткізілімдердің жалпы көлемі 765,1 мың тоннаны құрап, 17,3 млрд теңгеге жетті.
Назар аударуларыңызды сұраймыз: электрондық пошта арқылы жіберілетін ақпараттың көлемі үлкен болғандықтан, құжаттарды mail@fcc.kz мекенжайына жолдау барысыңда хаттардың жеткізілмеу қаупі бар. Себебі, бір жолдауға рұқсат етілген тіркемелердің көлемі 25 МБ-тан аспауы тиіс. Осыған байланысты құжаттарды жібергеннен кейін, құжаттар топтамасының қабылданғанын растауды және қаралу мәртебесін нақтылау үшін +7 702 701 71 77, 8 (7172) 59 12 32 телефондары арқылы Корпорацияның жауапты орындаушысымен байланысуыңызды сұраймыз.
Еске саламыз, субсидия Азов, Қара және Балтық теңіздерінің порттарына, сондай-ақ Латвия, Литва және Эстонияға транзиттік бағыттармен бидайды тасымалдау шығындарының бір бөлігін өтеу ретінде беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау бидайды Қытай арқылы транзитпен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жөнелтетін жеткізушілерге де көзделген.
Компенсация мөлшері экспорт бағытына байланысты бір тонна астық үшін 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін құрайды.
Астықты тасымалдауға байланысты шығындарды азайтуға арналған субсидия төлемдерінің орындалу барысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен астықты тасымалдауға байланысты шығындарды азайтуға арналған субсидияларды төлеу қағидаларына сәйкес, шығындарды ішінара өтеу 2025 жылғы 1 қаңтар мен 1 қыркүйек аралығында шетел нарықтарына жүзеге асырылған бидай жеткізіліміне қолданылады.