«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұжымы, өңірлік бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.
Елордада өткен «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты жалпықалалық сенбілік аясында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметкерлері компанияның кеңсе ғимаратына іргелес аумақта жалпы тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты тазалап, абаттандырды. Көгалдар жаңартылып, ағаштар отырғызылып, қоқыс шығарылды.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, қала тазалығына 100 мыңнан астам адам — мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, мәслихат депутаттары мен белсенді тұрғындар қатысты. 2025 жылы елордада шамамен бір миллион жасыл желек отырғызу жоспарлануда.
Осы күні еншілес кәсіпорнын «Астық Қоймалары» қызметкерлері «Таза элеватор» акциясын өткізді. Олар нан сақтау базалары мен іргелес аумақтарды қоқыс пен құрғақ шөптен тазартту жұмыстарын өткізді.