Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) 6-пленарлық сессиясы өтті, онда АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Сессияға қатысушылар, оның ішінде азық-түлік корпорациясының Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Атап айтқанда, Асылхан Джувашев Азық-түлік корпорациясының Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтып берді. Спикердің айтуынша, азық-түлік корпорациясы диқандарға форвардтық сатып алу және тауарлық несие құралдары арқылы қаржылық қолдау шараларын көрсетеді, астықтың резервтік қорын және жем-шөп қорын қалыптастырады және басқарады, сондай-ақ интервенциялық сатып алулар мен тауарлық интервенциялар жүргізу арқылы ішкі астық нарығын тұрақтандырады.