2023 жылы «Астық қоймалары» ЖШС көрсетілген қызметтер бойынша мынадай өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді:
- 226 088 тонна астық қабылданды;
- 286 411 тонна астық пен майлы дақылдар тиеліп-жөнелтілді;
- дәнді және майлы дақылдарды сақтаудың орташа көлемі 253 750 ай\тоннаны құрады.
Анықтама үшін:
«Астық қоймалары» ЖШС «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы. Серіктестік төрт астық базаларында қызмет көрсетеді: дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тиеу, сақтау, кептіру және өңдеу. Элеваторлар мен қойма ғимараттарының жалпы астық сақтау көлемі 491 700 тоннаны құрайды:
- Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы «№ 1 астық базасы»;
- СҚО, Новоишимский ауылындағы «№2 астық базасы»;
- Ақмола облысының Кенская станциясындағы «№5 астық базасы»;
- СҚО, Дәуіт ауылындағы «№7 астық базасы».
2023 жылы №1 астық базасында автоматты таразылар жүйесі енгізілді, атап айтқанда: кіретін/шығатын автомобиль көлігін бақылау және есепке алу, автоматты өлшеу, автокөлік нөмірлерін сәйкестендіру. Қабылданған астық бойынша барлық деректер автоматты түрде 1С мәліметтер базасына көшіріледі. 2024 жылы бұл жүйені басқа астық базаларына да орнату жоспарлануда.
Астық базаларына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен қашықтан шарттарға қол қоюға мүмкіндік беретін ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, астықты сақтауға арналған электрондық шарттар жасасу жүйесі енгізілді. Бұл бизнес-процестің ашықтығын қамтамасыз етіп, құжат айналымын едәуір жеделдетеді.
Бункерлік таразылар орнатылды. Ол астыққа түгендеу (тасымалдауды) жүргізу процесін оңтайландырады. Сондай-ақ астықты элеватордың ішіне жөнелту жұмысын іске асырып, жұмысшылардың жүктемесін азайтады.
Сонымен қатар, клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес астық жөнелту үшін келесі жұмыстар жүргізілді:
- 1) №1, 2, 7 астық базаларында ірі көлемді контейнертасымалдаушыларды өлшеуге мүмкіндік беретін темір жол таразыларын жаңғырту;
- өнімділік көлемін тәулігіне 14 вагоннан 22 вагонға дейін ұлғайту мақсатында қаптағы астықты тиеп-жөнелту үшін қосымша қаптау кешендері сатып алынды;
- №7 астық базасына майлы дақылдарды қабылдау мақсатында жеке өндірістік желі іске қосылып, жабдықталды.
Бүгінгі күні астық базаларында 246 105 тонна дәнді және майлы дақылдар сақталуда. 2024 жылы дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тиеп-жөнелту және сақтау қызметтерін көрсету жұмыстары штаттық режимде жүргізілуде.