Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің тапсырмасын орындау мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа егіннің астығын қабылдау үшін элеваторлық қуаттарды босату бойынша шаралар кешенін жүргізуде.
Бүгін, 2 қыркүйекте Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов Ақмола облысындағы «Астық қоймалары» ЖШС № 1 нан базасының жұмысын тексерді. Қазір кәсіпорын күнделікті бұрын жасалған келісімшарттар бойынша астықты жөнелтуді жүзеге асырады. Алдағы күндері астық қабылдау пунктінен 15 мың тоннаға жуық өнім шығару жоспарлануда.

«Қуаттарды уақтылы босату астық айналымын жеделдетуге және 2025 жылғы астықты қабылдау жағдайында кәсіпорын инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорын басшылығының астықты біркелкі және кедергісіз әкелу үшін өңірдің фермерлерімен және тасымалдаушылармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі маңызды», – дедп мәлімдеді Ильдар Исмагулов.
Өңірде егін жинау науқаны басталғаннан бері №1 нан базасына 8,5 мың тоннаға жуық астық келіп түсті. Сақтаудың жалпы сыйымдылығы 192,8 мың тоннаны құрайды.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясында Ақмола облысы бойынша барлығы 2,4 млн тонна астықты қабылдау және орналастыру үшін лицензияланған элеваторлармен шарттар жасалған.


