«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ жалпы сомасы 62,7 млрд теңгеге орта мерзімді облигациялардың екі шығарылымы бойынша міндеттемелерді толық орындады. Инвесторларға төлемдер 2026 жылдың тамыз айының соңында төленді.
Инвесторларға негізгі борыштың 60 млрд теңгесі қайтарылды және купондық кірістің 2,7 млрд теңгесі төленді.
Облигациялар KASE биржасында 2025 жылдың басында орналастырылды. Шығарылымның айналым мерзімін 1,5 жылда айқындау кезінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тиімді қаржылық жоспарлау қағидаттарына және астық нарығының ақша циклінің ерекшелігіне негізделді.
«Қаржыландыру мерзімін айқындау кезінде біз астық нарығының ақшалай циклінің ерекшелігін ескердік, онда өтімділікке айтарлықтай қажеттілік егін сатып алу кезеңінде туындайды, ал оны өткізуден түскен ақшалай түсімдер кейінгі кезеңдерге бөлінеді. Облигациялардың 1,5 жыл айналыс мерзімі компанияның қаржыландыруға деген қажеттілігін күтілетін ақша ағындарымен теңестіруге және инвесторлар алдындағы міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деп хабарлады «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов.
Ол Азық-түлік келісімшарт корпорациясы үшін қаржы ресурстарын тиімді басқарудың ерекше маңызы бар екенін атап өтті, өйткені компания астық нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуде және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауда маңызды рөл атқарады.
«Біз үшін компанияның қаржылық тұрақтылығын оның негізгі міндеттерін – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фермерлерді қолдаумен ұштастыру аса маңызды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды қамтамасыз етеді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржыландыруға, оның ішінде форвардтық және тікелей сатып алу бағдарламалары арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан өтімділік пен борыштық жүктемені тиімді басқару аграрлық секторды қолдау үшін қажетті ресурстар көлемін сақтау қабілетімізге тікелей байланысты», – деп атап өтті Ильдар Исмагулов.
Облигациялар өтелгеннен кейін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының борыштық міндеттемелерінің жалпы көлемі 2026 жылдың басынан бастап 52,4 млрд теңгеге дейін төмендеді.
«Біз негізгі қызмет есебінен қалыптасқан ақшалай қаражатты пайдалана отырып, міндеттемелердің едәуір көлемін уақтылы өтедік. Бұл ретте компания аграршылармен жұмысты жалғастыру үшін қажетті қаржы ресурсын сақтайды. Борыштық жүктемені төмендету Азық – түлік келісімшарт корпорациясына жүктелген міндеттерді одан әрі жоспарлау және тұрақты орындау бойынша біздің мүмкіндіктерімізді нығайтады», – деп атап өтті Ильдар Исмагулов.
Корпорация борыштық жүктемені азайту, қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру және аграрлық секторды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Анықтама үшін:
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның астық нарығындағы ұлттық оператор. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін және астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржылай қолдау көрсетеді, агроөнімді экспортқа жеткізумен айналысады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асырады. Жалғыз акционер – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

