«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылғы 5 наурыздан бастап Марат Оразаев «Астық Қоймалары» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды.
Марат Оразаев 1967 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ҒЗИ-да экономист болып бастаған экономикасы және ұйымдастыру жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтында экономист болып бастаған.
1993 жылдан 1999 жыл аралығында — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды.
1999 жылдан 2008 жыл аралығында — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қаржы департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаментінің директоры, Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2008-2011 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2011-2013 жылдары — ҚР Президенті Іс басқарушысының басшысының орынбасары, инспекторы.
2013-2015 жылдары ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.
2015 жылдан 2019 жыл аралығында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2021 жыл аралығында ҚР АШМ жауапты хатшысы, аппарат басшысы қызметтерін атқарды.
2025 жылғы 5 наурыздан бастап ««Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны – «Астық Қоймалары» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды.
«Астық Қоймалары» ЖШС астықты қабылдау, кептіру, тазалау және жөнелту бойынша қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның қолданыстағы элеваторлық қуаты 491,7 мың тоннаны құрайды.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Астық Қоймалары» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлеске иелік етеді.