«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ астық өндірушілер мен алыс басым нарықтарға бидай жеткізушілерін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жалғастыруда. Астық экспорты кезінде көлік шығындарын өтеу бағдарламасы аясында оператор 320 мың тонна бидай тасымалдауды қаржыландырды. Жеткізушілерге барлығы 7,2 млрд теңге төленді.
Кедендік статистика деректері бойынша бидайды субсидияланатын бағыттар бойынша жөнелту тұрақты режимде жүргізіледі. Бұл ретте келіп түскен өтінімдер саны бөлінген бюджет қаражатының шегіне жеткенін хабарлаймыз. Төлемдер республикалық бюджеттен қаржыландырудың түсуіне қарай, тіркелген өтініштердің кезектілігі тәртібімен жүргізіледі.
Астық өндірушілерді қолдау бағдарламасы Азов, Қара және Балтық теңіздерінің порттарына, Латвияға, Литваға, Эстонияға транзиттік бағдарлар бойынша бидай тасымалдауды ішінара субсидиялауды көздейді. Мемлекеттен төлемдерді Қытай арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне транзитпен астық жіберетін жеткізушілер де алады.
Өтемақы мөлшері экспорт бағытына байланысты бір тонна астық үшін 20-дан 30 мың теңгеге дейін құрайды. Шара қазақстандық бидайдың Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азия елдерін қоса алғанда, жаһандық нарықтарға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.