Туған күні: 1981 жылдың 1 мамыры
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауылы
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
- Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (2002 жыл).
- «МГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан университеті (2008 жыл).
- «Қаржы академиясы» АҚ (2016 жыл).
Еңбек қызметі:
- Өзінің еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті Батыс Қазақстан облысының соттар әкімшісі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бастады.
- 2003-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
- 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық департаментінің Атырау қаласы бойынша Салық басқармасының бастығы, Атырау облысы.
- 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық департаментінің басшысы.
- 2014 жылдан бастап 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана – жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
- 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
- 2017 жылы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Сот медицинасы орталығы» ШЖҚ РМК экономисі.
- 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Сот медицинасы орталығы» ШЖҚ РМК бас инженері.
- 2024 – 2026 жылдары «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
- 2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
- 2026 жылғы 21 қазанда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

