Отырыс барысында Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының 2021-2030 жылдарға арналған даму жоспары, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы Қоғамдық кеңесінің хатшысын қайта сайлау талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сондай-ақ 2021 жылға арналған Азық-түлік келісім-шарт корпорациясын корпоративтік басқаруды тәуелсіз бағалау қорытындысын ескере отырып, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының 2021-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу, әрі қарай аталмыш Жобаны Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну ұсынылды.