«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев ұжымды ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады.
Төрағаның айтуынша, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады және экономиканың драйвері болуға барлық мүмкіндігі бар. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қосуда.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен еншілес ұйымдардың қызметкерлері ҚР АШМ ведомстволық наградаларымен және азық-түлік корпорациясы басшылығының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Асылхан Джувашев қызметкерлердің еңбегі жемісті, жеріміз ырысты болсын деп тіледі. Және ұжымға адалдығы үшін, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әр үшінші жексенбіде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтіледі.