Азық-түлік келісімшарт корпорациясына екі жаңа басқарушы директор келді.
Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Басқарушы директор – Басқарма мүшесі лауазымына Рустам Бақытбекұлы Жанатаев тағайындалды.
Жанатаев Р.Б. ауыл шаруашылығы өнімдерін сату жөніндегі блокқа жетекшілік етеді.
Құқық және нарық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы «Западный бастион» ЖШҚ Көкшетау өкілдігінде заңгер ретінде еңбек жолын бастаған. Кейінірек әр жылдары Азық-түлік корпорациясы мен жеке компанияларда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2020 жылдан 2022 жылға дейін Азық-түлік корпорациясында ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату департаментінің директоры қызметін атқарды. Соңғы бір жылда «KazFoodProducts» ЖШС астық дивизионының басшысы болды.
Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Басқарушы директор – Басқарма мүшесі лауазымына Төлеу Сағат Талғатұлы тағайындалды.
Төлеу С.Т. ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу жөніндегі блокқа жетекшілік етеді.
«Агроинженерия» мамандығы бойынша С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ бітірген, сондай-ақ «Астана» университетінің «Экономика» мамандығы бойынша Экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2012 жылы Азық-түлік корпорациясында инвестициялық жобалар департаментінің менеджері қызметінен бастады. Орталық аппаратқа ауысқанға дейін Азық-түлік корпорациясының СҚО облыстық өкілдігін басқарды.
2022 жылы ҚР АШМ ведомстволық наградасымен – «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Азық-түлік корпорациясының Басқарма төрағасы Джувашев Асылхан Болатұлы басқарушы директорларға жаңа лауазымда жаңа табыс және жемісті еңбек тіледі.