Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин әлемнің 10-нан астам елінің өкілдері қатысатын форумға төрағалық етті. Іс-шара екі күнге созылады және осы уақыт ішінде қатысушылар теміржол және автомобиль жолдарын дамыту, порттарды дамыту және логистиканың басқа да мәселелерін талқылайды.
Форум аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамытуға арналған маңызды сессия өтеді. АӨК қатысушылары Каспий өңірінде экспорт үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі одан арғы іс-қимылдарды талқылайды.
Азық-түлік корпорациясының төрағасы қазақстандық делегация құрамында форум жұмысына қатысып, қатысушы елдердің мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік ұйымдарының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.
Форумға қатысушылар шара соңында қосымша келіссөздер жүргізіп, Ақтау және Құрық порттарына барады.