«Ақ Бидай-Терминалы» ауыстырып тиеу көлемін 6 есе арттырды
2025 жылдың бірінші тоқсанында «Ақ Бидай-Терминалы» астықты ауыстырып тиеу көлемін 509%-ға арттырды. Соңғы екі жылда алғаш рет астық кешені өндірістің жүз пайыздық қуатына шықты.
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
8-7172-591-284
2025 жылдың бірінші тоқсанында «Ақ Бидай-Терминалы» астықты ауыстырып тиеу көлемін 509%-ға арттырды. Соңғы екі жылда алғаш рет астық кешені өндірістің жүз пайыздық қуатына шықты.
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың төрағалығымен 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша аграрлық кеңес өтті. Іс-шараға «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев қатысты.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 3 және 4-сыныпты бидайды сыртқы нарықтарға өткізеді. Бүгінде ұлттық астық операторы жалпы көлемі 200 мың тоннадан астам астық жеткізуге келісімшарт жасады.
2025 жылдың сәуір айының басынан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында астық сатады. Нарық қатысушылары астық өнімдерін сатып алуға жоғары қызығушылық танытуда. Бидай мен арпаға ерекше сұраныс байқалады, бұл баға серпінімен расталады.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы, «Агрофирма «NurAgro» ЖШС Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы жерінде 2025 жылы сәуір-қараша айларына бірлескен қызметті (консорциум) келісім-шарт жүзеге асыруға мақсатында әлеуетті серіктестерден өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін форвардтық қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау басталғаннан бері Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 13,4 млрд теңге сомасына өтініштер келіп түсті. Бағдарламаны іске асыруға биыл барлығы 30 млрд теңге жоспарланған, оның 21 млрд теңгесі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ тауар биржасында астық сатуды бастады. Алғашқы биржалық сауда-саттық шеңберінде EXW (франко-элеватор) жеткізу шарттарымен 3-сыныпты 23 мың тонна бидай сатылды.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен семинар-кеңесте өңірлік әкімдіктің, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, АӨК саласындағы қаржы-кредит ұйымдарының және фермерлік қоғамдастықтың өкілдері Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысын талқылады. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін үшжақты форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша шығарылған күнбағыс майының екінші партиясын жіберді. Дайын тауарды сатып алушы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ болды. ӘКК тұрақтандыру қорына барлығы 9,1 млн теңгеге 20,8 мың литр тазартылған күнбағыс майы жіберілді.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ егін шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін аграршыларды қаржыландыруға өтінімдер қабылдауды бастайды. Осы мақсаттарға шамамен 30 млрд теңге бөлу жоспарлануда.
Құрметті сайт пайдаланушылары!
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ байланыс телефонның өзгергенін хабарлайды.
Барлық сұрақтар бойынша 📞 +7 (7172) 58 00 80 нөміріне хабарласа аласыздар.
Осы ақпаратты Компанияға жүгіну кезінде ескерулеріңізді сұраймыз.
Уважаемые посетители сайта!
АО «НК «Продкорпорация» сообщает об изменении контактного номера телефона.
По всем вопросам звонить 📞+ 7 (7172) 58 00 80.
Просим учитывать данную информацию при обращении в компанию.